Бас прокуратураның жобасы – мемлекеттік сектордағы үздік IT-жоба | arainews.kz

Бас прокуратураның жобасы – мемлекеттік сектордағы үздік IT-жоба

2 611

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Әкімшілік іс-жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІЖБТ) жобасы «Digital Almaty Awards» сыйлығын жеңіп алды.

А.ж. 31 қаңтары Алматы қаласында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты халықаралық форумын өткізді.

Бұл форумға Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері – Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстанның үкімет басшылары қатысты.

Интернет арқылы дауыс беру нәтижесі бойынша ӘІЖБТ «Мемлекеттік сектордағы үздік IT-жоба» номинациясында жеңімпаз болып танылды.

ӘІЖБТ әкімшілік істердің бірыңғай базасы болып табылады және ол іс жүргізуді қозғаудан және айыппұл салудан бастап, барлық қойылған шектеулерді алып тастай отырып, оны орындауға дейін әкімшілік жауапкершілікке тарту процесін толық автоматтандырудан тұратындығын атап өткен жөн.

ӘІЖБТ жүйесі 2017 жылдың шілдесінде енгізілді. Оның іске асырылуы жедел және ашық процесті қамтамасыз етуге, азаматтарға айыппұлдарды тез және ыңғайлы төлеуге, сондай-ақ адам факторын алып тастай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

ҚР БП ҚСжАЕК-нің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.