Жуалы ауданында аллея ашылды | arainews.kz

Жуалы ауданында аллея ашылды

171

Жуалы ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылдыққа он бесінші жоба жүзеге асырылды.

Ауданның 90 жылдығы қарсаңында «Қос жүрек» аллеясы ашылып, тұрғындарға тарту жасалды. Жаңа демалыс орны аумағы 25 гектар болатын «Мәңгілік ел» саябағының ішіне салынды. Бұған дейін мұнда «Рухани жаңғыру», «Жастар», «Батырлар аллеясы» сияқты бірнеше демалыс орындары бой көтерді. Нысан тура Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің бойынан орын тепкен. «Бұл жергілікті жастардың тынығатын орны ғана емес, туристердің жол-жөнекей соғып, өлке туралы ақпарат алып кетулеріне мүмкіндік туғызады», – дейді ұйымдастырушылар. Шараға жаңадан шаңырақ көтерген жастар арнайы шақыртылды. Ал жарты ғасыр отасқан өнегелі отбасылар оларға ізгі тілектерін жеткізіп, бақытты өмір сүрудің құпиясымен бөлісті.

Әлімбек Есдәулетов, Жуалы ауданының тұрғыны:

– Жастарға айтатыным, ақыл менен сабырлық бірге жүрсін. Өмір өзгеріп тұрады. Бір-бірін сыйлау керек.

Бахтияр Көпбосынов, Жуалы ауданының әкімі:

– Халықтың, жастардың демалатын орны болады. +Жібек жолының бойында орналасқан. Осы жерге жастар, туристер келсе деп ойлаймыз. Қонақтар келсе де, мақтанатын жер. Бауыржан Момышұлы ауылының кіре берісінде шоғырланған.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.