Бас бостандығынан айыру орнынан босаған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру мақсатында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жоба іс-шарасы өткізілді. Шара барысында мекемеде жазасын өтеген 3 азамат бостандыққа шықты.
Аталған шараға Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығының бас маманы Мұрат Амреев, Тараз қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Тұрар Арап, ЖД-158/2 мекемесі бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов, тәрбие бөлім бастығының міндетін атқарушы Талап Ақмұрзаев қатысты. Жобаны босатылатын сотталғандарды еңбекпен, тұрмыспен қамтамасыз ету инспекторы, әділет аға лейтенанты Кәмшат Әбдімомынова ұйымдастырды.
Шара барысында Ә. Дәулетқұлов «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының мақсатын түсіндіріп, оның мән-маңызына кеңінен тоқталды. Ал Жұмыспен қамту орталығының бас маманы М. Амреев өз сөзінде Тараз қаласында бос жұмыс орындар тізімін ұсынып, тіркелу тәртібін сондай-ақ ҚР «Халықты жұмыспен қамту» туралы Заңының 4 және 9-баптарын түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, полиция лейтенанты Тұрар Арап та сөз алып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 73-бабын, Қылмыстық-Атқару Кодексінің 65,66,67-баптарын түсіндіріп, қайталанған құқық бұзышылыққа жол берген үшін қандай жауапкершілікке тартылатыны ескертіп өтті. Сонымен қатар, Пробация қызметінің мамандарымен бостандыққа шыққан азаматпен алдағы уақытта әлуметтік ортаға қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап көрсетті.
Шара соңында жобаға қатысушылар сотталған азаматтың келекшетегі өміріне сәттілік тілеп, шығарып салды.