«Жер аманаты» комиссиясының араласуымен 3 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды | arainews.kz

«Жер аманаты» комиссиясының араласуымен 3 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

101

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «Жер аманаты» комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Оның барысында атқарылған жұмыстың аралық қорытындысы шығарылып, алдағы міндеттер айқындалды.
Комиссия отырысына Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары, Бас прокуратураның, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы, қоғам қайраткерлері, партияның өңірлік филиалдарының атқарушы хатшылары және тағы басқалар қатысты.
Отырысты ашқан партия Төрағасы Ерлан Қошанов жайылымдық жер мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында екенін атап өтті.
Ол аз уақыт ішінде комиссияның «жедел желісіне» тұрғындардан 2,5 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның барлығы жергілікті әкімдіктермен және бейінді министрлікпен бірлесіп мұқият қаралды.
«Жер аманаты» комиссиясының мүшелері әрбір ауылдық елді мекендегі жайылым тапшылығы мен мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің тізбесін көрсететін интерактивті карта әзірлеуді ұсынды.
Аталған жоба аясында облыстық филиалдың бастамасымен өңірде пайдаланусыз жатқан 143,7 мың гектар жер ауыл тұрғындарының игілігіне қайтарылды.
Өңірде «Жер Аманаты» комиссиясы өз жұмысын Байзақ, Жуалы, Қордай және Сарысу ауданы тұрғындарымен кездесе отырып жүргізді. Кездесуде тұрғындардың уәждері тыңдалып, жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.