Жазасын өтеушілерді керек-жарақпен қамтамасыз ету – басты міндет | arainews.kz

Жазасын өтеушілерді керек-жарақпен қамтамасыз ету – басты міндет

220

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесі тылдық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері жүйелі жұмыс істеуде. Атап айтқанда, бөлім қызметкерлері ағымдағы және өткен жылы арнайы контингенттерге арналған көрпе-төсек жабдықтары, азық-түлік сондай-ақ дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету мақсатында маңызды жұмыстарды атқарды.

Жалпы, арнайы контингенттерге арналған материалдық қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, ол жоспарға сай игерілді. Бүгінгі таңда арнайы контингенттерді төсек-жабдықпен және киім-кешекпен қамтамасыз ету 100 пайыз орындалды. Тозығы жеткен төсек, мерзімі өткен киім уақытында ауыстырылып, сотталған азаматтарға жаңасы берілді. Бұл жөнінде арнайы карточкада жазбаша көрсетіліп, жазасын өтеушінің қолы қойылады. Жеке қаржыландыру жоспары бойынша дәретхана керек-жарақтары да толық қамтамасыз етілген.

Ал тауар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу үшін жылдық жоспарға сай веб-порталға енгізіліп, бекітіледі. Бұдан бөлек, берілген өтінімдер бойынша тиісті нормаларға сәйкес алдағы жылдарға бюджеттік өтінім жасалынады. ЖД-158/1 мекемесі тылдық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері арнайы контингентті материалдық, тұрмыстық коммуналдық жабдықтау жұмыстарын жоспарға сай орындап  келеді. Айта кетейік, бұл шаралар аталған бөлім басшылығының қатаң бақылауында.

Б.Сокжанов,

ЖД-158/1 мекемесі тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.