Таразда №2 ХҚКО-дан дайын құжаттарды беру мекенжайы өзгереді — arainews.kz

Таразда №2 ХҚКО-дан дайын құжаттарды беру мекенжайы өзгереді

10

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы 2026 жылғы 3 тамыздан бастап бұрын Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы, Абай даңғылы, 232 мекенжайында орналасқан №2 ХҚКО-да жүзеге асырылған дайын құжаттарды беру қызметі жаңа мекенжайға – Қойгелді көшесі, 158А ғимаратына ауыстырылатынын хабарлайды.

Еске сала кетейік, Жібек жолы ауданындағы №2 ХҚКО Абай даңғылы бойындағы теміржол желісі арқылы өтетін автомобиль және жаяу жүргіншілер көпірі мен жол айрығын салу жұмыстарына байланысты уақытша жабылған болатын. Дегенмен, осы уақытқа дейін бұрын рәсімделген дайын құжаттарды беру бұрынғы мекенжайда жүзеге асырылып келді.

Енді дайын құжаттарды беру қызметі Қойгелді көшесі, 158А мекенжайындағы ғимаратта көрсетіледі. Қазіргі уақытта аталған ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жаңа мекенжайда тек дайын құжаттарды беру қызметі ғана көрсетіледі.

Осыған байланысты азаматтардан бұрын рәсімделген дайын құжаттарын алу кезінде жаңа мекенжайды ескерулерін сұраймыз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.