Жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталады | arainews.kz

Жас ұрпақ тәрбиесіне бағытталады

579

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарды қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Халқына Жолдауында ел көкейіндегі маңызды мәселелер көтерілді.
ҚР Президенті Жолдауда келесі жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға да тоқталып өтті.
Ғұлама ойшыл, ұстаз әл-Фарабидің 1150 жылдық, хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту – аталған тұлғаларды еңбектерін кеңінен танытуға, осы арқылы жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше ықпал етуге бағытталады. Бұл ретте, біздің аймағымызда да тағылымы мол, ойлы шаралардың өтетін болады.
Ал ел Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығын кең көлемде мерекелеу – еліміздің тәуелсіздік белестеріне, бағындырған биіктеріне көз жүгіртіп, алдағы межелерді айшықтайды. Бұл оқиғалар – Мемлекет басшысы атап өткендей, жас ұрпақты «отаншылдыққа» тәрбиелеуге жол ашады.
Келешегі кемел мемлекеттің тірегі – жастар болса, олардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіруге ықпал ету – біздің, аға буынның міндеті. Ел Президентінің Жолдауына қолдау білдіре отырып, аймақтың аға буын өкілдерін осы бағытта жұмылуға шақырамын.

Е.Әлімжан,
Жазушы-драматург

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.