«Жаңа қазақ әліпбиі: орфография, терминология, пунктуация, әдістеме мәселелері» атты қалалық семинар-кеңес өтті | arainews.kz

«Жаңа қазақ әліпбиі: орфография, терминология, пунктуация, әдістеме мәселелері» атты қалалық семинар-кеңес өтті

147

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жаңа қазақ әліпбиі: орфография, терминология, пунктуация, әдістеме мәселелері» атты қалалық семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске Тараз қаласындағы жоғары оқу орындарының лингвист-ғалымдары, оқытушылары, тіл жанашырлары қатысып «Қазақ емлесінің негізгі ережелеріне» қатысты ғылыми таңдаулармен, зерттеулерімен бөлісіп, ұсыныстарын берді.

Шараның ашылу салтанатына облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова, Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Асқар Абдуалы қатысты.
Семинар барысында кіріспе сөз сөйлеген облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы пікірін білдірді. Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен қолға алынған латын әліпбиіне көшу реформасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, мамандар латын әліпбиінің тиімділігі мен оған көшу кезінде нендей мәселелерге назар аудару қажеттілігі жайлы пікірлерін білдірді. Анығырақ айтсақ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Әзімхан Ыбырайым «Қазақ емлесінің негізгі ережедеріндегі қарама-қайшылықтар», ТарМПУ-дың профессоры А. Байтелиев «Жаңа емле: жаңалықтар мен қайшылықтар», ТИГУ-дың профессоры Қасиет Молғаждаров «Латын графикасына көшудегі емле-ереже мәселелері» тақырыбында баяндамалар жасап, көптің көңілінде жүрген бірқатар түйткілдерге тоқталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.