Тіл жанашырлары марапатталды | arainews.kz

Тіл жанашырлары марапатталды

238

«Қоғамдық келісім» мекемесінің ғимаратында облыс әкімінің «Тіл жанашыры» жүлдесін табыстау салтанаты өтті. Оған аймақ басшысы Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, жүлдегерлерді құттықтады.
Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға әкімінің тіл саласындағы жүлдесіне мемлекеттік тілге шынайы жанашырлық танытып, тіліміздің дамуына нақты ісімен үлес қосып жүрген тіл жанашырлары қатысты.
Айта кетейік, аталған жүлде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, туған тілге деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында тағайындалған. Ол бойынша лауреаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияға 20 адам құжат тапсырған. Байқау комиссиясы жұмысының нәтижесінде облыс әкімінің «Тіл жанашыры» жүлдесі 7 номинация бойынша ұсынылды. Жеңімпаздар салтатанатты шара барысында марапатталды.
Атап ай тсақ, «Тіл майталманы» номинациясын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, «Тіл тірегі» номинациясын облыс бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген, «Тіл жаршысы» номинациясын республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыс бойынша меңшікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Хамит Есаман, «Тіл сақшысы» номинациясын «JAMBYL» телеарнасының тілшісі Данияр Асқарұлы жеңіп алды. Ал, Байзақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының биология және география пәнінің мұғалімі Евгений Кравчук «Тіл білгірі», М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі, филология магистрі Балмира Мырзабаева «Тіл — қазына», «Жасыл ел» еңбек жасақтарының төрағасы Әлібек Мұратбаев «Тіл мерейі» номинацияларына лайық деп табылды. Жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.