«Таза Қазақстан» акциясы Жуалыда жалғасын тапты | arainews.kz

«Таза Қазақстан» акциясы Жуалыда жалғасын тапты

33

Алатау мен Қартаудың ортасында орналасқан Жуалыдай жазиралы өлкенің табиғат сұлулығын тамашалап бітпестей, сірә. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, тату тірлік пен береке-бірліктің бесігі – Жуалы өңірінде республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық науқаны бастау алған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» – деген.

8 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.

Науқанның алғашқы күнінен 13 сәуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды.

Тазалық пен тәртіп – кез-келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жуалы ауданындада ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімі Жалғас Мұртазаның Үнеуінен бастау алған шара Республикалық мәндегі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль жолының бойындағы 557-560 шақырым аралығын да жалғасты. Тазалық жұмыстарына «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен жастар, Нұрлыкент, Қызыларық, Ақтөбе, Көкбастау акылдық округінің мамандары мен тұрғындары және Жуалы ауданы ормандарды және жануарларды дүниесін қорғау жөнініндегі бөлімдері атсалысты. Жалпы 100 ден аса адам жұмылдырылды.

Республикалық мәндегі автомобиль жолының Шымкент бағытындағы оң жақ жол бойындағы қыстағы құлаған ағаштарды шығару, санитарлық жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына қосымша 3 техника қамтылды.

Атқарылған тазалық жұмыстарына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек пен аудан басшысы Жалғас Мұртаза қатысты.

Алдағы таңдада осындай жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.