ТарМПУ-ға жаңа ректор тағайындалды | arainews.kz

ТарМПУ-ға жаңа ректор тағайындалды

610

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне жаңа ректор тағайындалды. Оқу ордасының басшысы қызметін бұдан былай Ержан Әмірбекұлы атқарады.

Әмірбекұлы Ержан 1998 жылы М.Х.Дулати ат. Тараз мемлекеттік университетін «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітіріп, еңбектегі қызметін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушысы ретінде бастады. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының күндізгі аспирантурасына оқуға түсті.

2004 жылы «08.00.05 – Экономика және ауылшаруашылығын басқару» мамандығы бойынша «Формирование механизма по повышению конкуренто способности продукции (на материалах предприятий по выпуску растительных масел Республики Казахстан)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін, Т. Рысқұловатындағы ҚазЭҚХСУ-ге оқытушы ретінде жұмысқа қабылданды. Осы кезеңнен бастап оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.

2010 жылы «08.00.05 – Экономика және ауыл шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша «Экономический механизм развития национальной инновационной инфраструктуры Республики Казахстан» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2011 жылы оған 08.00.05 — «Экономика» мамандығы бойынша доцент атағы берілді.

Әмірбекұлы Ержан ғылыми-педагогикалық қызметі уақытында ғылыми-әдістемелік сипатта жалпы көлемі 60 баспа табақтан артық 80 астам жұмыс әзірлеп жариялады, соның ішінде 3 оқу құралын және 1 монография жазды.

Е. Әмірбекұлы әр түрлі халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық және оқу-әдістемелік конференцияларға, семинарларға, тікелей қатысады, сонымен қатар студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми жұмыстарын, ғылыми жобаларын тиімді басқарады, өз кезегінде олар бірнеше мәрте әр түрлі турнирлердің, симпозиумдардың және олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.

2011 жылғы ғылыми-педагогикалық қызметтің қорытындысы бойынша ҚР БҒМ алқасының шешімімен «ЖОО-ның ең жақсы оқытушысы – 2011» атағына ие болды. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және Ғылым министрінің алғыс хатымен және білім беру жүйесіндегі белсенді қызметі үшін ҚР БҒМ жанындағы ҰТО директорының құрмет грамотасымен марапатталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.