«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психологиялық қызметін жетілдіру және сотталғандарды, оның ішінде жазаның ұзақ мерзіміне 2022-2024 жылдарға арналған психологиялық қолдауды күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарының» талаптарын орындау мақсатта, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №25 мекемесінде сотталғандарға арналған психологиялық клуб ашылуда, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде аталған іс-шараға өз еріктерімен бірнеше сотталғандар қатысып, бұл клубтың мақсаты мен міндеттерімен сотталғандарға мекеменің САТжӘПЖ бөлімінің аға инспектор психологы әділет капитаны Ибраимова Гульжан Жалбықызы таныстырып өтті. Бұл клубтың басты мақсаты, жеке тұлғаға бағытталған тәсілді іске асыру, мекемеде сотталған адамның жеке басын қолдау, дамыту, оған өзін — өзі тануға бағыт беру, мүмкіндіктер беру болып табылады.
Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, сотталғандардың танымдық қызығушылығын, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, жанжалды жағдайларда қақтығыссыз, сындарлы мінез-құлық дағдыларын дамыту, өз сезімдерін дұрыс білдіру алу және ойын толық, ашық жеткізе алу қабілетін дамыту екендігін Гульжан Жалбықызы түсініктеме беріп өтті. Бұл клубтың тағы бір артықшылығы психологиялық бағыттан басқа патриоттық сезімді дамыту, адамгершілік-эстетикалық бағытта дәрістер жүргізіледі.
Алда, сотталғандарға арналған психологиялық клубта – «Таныс болайық» ойыны, «Жанжалсыз өмір сүр», «Адам өмірінің мәні», «Толерантты болу» іскерлік ойындарына қосымша, «Өмірге қажет мотивация» тақыптарында дәрістер оқылу жоспарлануда.
№25 мекемесінің
аға инспектор психологы
әділет капитаны Ибраимова Г.Ж.