Шынықсаң, шымыр боласың | arainews.kz

Шынықсаң, шымыр боласың

73

Халқымыз «Шынықсаң, шымыр боласың» деп тегін айтпаған. Расында, бүгінде спорт – тек ұлт саулығының ғана кепілі емес, ішкі істер органдары қызметкерлерінің физикалық дайындығын шыңдап, оралдың өздерін шыныққан қалыпта ұстауына жол ашатын таптырмас құралы. Өйткені, Құқық қорғау органдарының әрбір қызметкері теориялық білім алғанмен, физикалық жағынан шыныққан шымыр болмаса, абыройлы мамандықтың талап үдесінен шыға алмайтыны анық. Себебі, олар жұмыс барысында өздерінің ықыластығымен, шыдамды әрі төзімділігімен ерекшеленеді.

Бұл тұрғыда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінің қызметкерлері ешкімнен де кем түспейді. Осы мақсатта бұқаралық спортқа баса мән беріліп, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасалуда. Осыған арналған физикалық дайындық жиындарының бірі аталған мекеменің жеке құрам қызметкерлері арасында кезекті рет өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті – жеке құрам қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырумен қатар салауатты өмір салтын насихаттау және физикалық дайындықтарын сынға салу. Бұл күні олар әртүрлі спорттық жаттуғыларды орындап, өз дайындықтарын тағы бір пысықтады. Осылайша, тәртіп сақшылары физикалық дайындық санаттары бойынша нағыз кәсіби мамандар екенін кезекті рет дәлелдеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.