Шуда мемлекеттік бағдарлама табысты жүзеге асуда | arainews.kz

Шуда мемлекеттік бағдарлама табысты жүзеге асуда

521

«Дипломмен ауылға» жобасы  жүзеге асырыла бастағаннан бергі 9 жыл ішінде облыстың шалғай елді мекендеріне 1747 жас маман келген. Аталған жоба Шу ауданында табысты жүзеге асуда. Атап айтқанда, тұрғын үй сатып алуға қажетті несиені қаржыландыруға Шу ауданында 53 жас маман өтініш беріп, оларға 200 миллион 700 мың теңге көлемінде несие берілген.

– Жалпы, ауылдағы әлеуметтік саладағы аса қажетті мамандар тапшылығын жою мақсатында қолға алынған «Дипломмен ауылға» бағдарламасының мүмкіндігін шулық жастар жоғары дәрежеде сезінуде. Олар қажетті төлемдер мен әлеуметтік қолдауларға ие бола отырып, жергілікті тұрғындарға сапалы қызмет ұсынып келеді. Жас мамандардың ауылдарда еңбек етуімен ондағы білім сапасы мен медициналық қызмет сапасы да еселеп артты. Бастысы бұл бағдарлама қолында дипломы бар, жоғары білімді жастардың жұмыссыз қалмауына мүмкіндік берді. Ал тәжірибесіз жас мамандар осы бағдарлама арқылы ауылға келіп мол тәжірибе жинақтап, кәсіптік өсу жолындағы алғашқы қадамын бастайды, – дейді аудан әкімі Жарылқасын Айтақов.

2010-2019 жылдар аралығында Жамбыл облысында «Дипломмен ауылға» жобасы аясында өңірге келген 1747 жас маман  4 миллиар 961миллион 600 мың теңге көлемінде несие алған. Мұндағы 1618 жас ауылдық жерде қызмет етуді жалғастырып жатыр. Ал ағымдағы жылы  256 маманға тұрғын үй сатып алуға  несие беруге  969 миллион 600 мың теңге қарастырылған. Жыл басынан бергі аралықта 233 маманға 843 миллион 600 теңге бюджеттік кредиттер берілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.