Республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды | arainews.kz

Республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

1 829

Көру қабілеттері бұзылған, арнайы кітапханаларды пайдаланушылардың арасында Л. Брайль қаріпін пайдаланып жазу бойынша «ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ-нің 55 жылдық мерейтойына және бедерлі-нүктелі қаріптің негізін қалаушы Луи Брайльдің 215 жылдығына орай алғаш рет Қазақстанның арнайы кітапханаларының зағип және нашар көретін оқырмандары арасында «Мен және менің кітапханам» тақырыбында эссе жазудан республикалық онлайн конкурс ұйымдастырылды.
Аталған конкурсқа Ақтөбе, Атырау, Тараз, Көкшетау, Алматы, Өскемен қалаларынан зағип оқырмандар қатысты. Олар Л.Брайль шрифтімен терілген жалпақ баспа форматында 20 жұмыс ұсынды. Ал Жамбыл облысы бойынша 6 эссе жазылып, байқауға жолданған болатын.
2024 жылғы 3 шілдеде 5 адамнан тұратын қазылар алқасы, кітапхана қызметкерлері, оқырмандар және Шығыс Қазақстан облысының «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ өкілінің дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде Гран-приді оқырман Б.Мұхатов (Тараз қаласы) иеленсе, І орынға оқырман Д.Мантыцкая (Көкшетау қаласы) лайық деп танылды. ІІ орын – кітапхана қызметкері Е.Бегимов (Тараз қаласы), ІІІ орынды кітапхана қызметкері М.Төлегенов (Ақтөбе қаласы) және оқырман А.Әлиева (Атырау қаласы) бөлісті. Қалған қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.
«Мен және менің кітапханам» тақырыбында өткен республикалық онлайн конкурстың тараздық жеңімпаздары – Байзақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің зағип және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсету бөлімінің тұрақты оқырманы Бауыржан Мухатов және Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының Тифлология бөлімінің қызметкері Ербол Бегимовке марапатты Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы арнайы қабылдап, табыстады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.