Президент «Жас маман» бағдарламасын әзірлеуді жүктеді | arainews.kz

Президент «Жас маман» бағдарламасын әзірлеуді жүктеді

162

Бүгін Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жас маман» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

«Үкімет 100/200 қағидасы бойынша «Жас маман» бағдарламасын әзірлеуі керек. Үш жылда жоба еліміздің барлық өңірінде 200 мыңға тарта жас азаматтарымызды қамтуы тиіс. Оның аясында ең сұранысқа ие индустриалдық-сервистік 100 кәсіп бойынша жетілдірілген 200 оқу орны базасында мамандарды даярлағымыз келеді», — деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы әр өңірде бір университетті үздік ету керектігін атап өтті. Бұл тұрғыда бұл университеттер шетелдік білікті профессорларды шақыртуға қауқарлы болуы керек. Сонымен қатар үздік заманауи технологиямен қамтамасыз етілген үздік 10 колледж қамтылуы қажеттігі айтылды. Яғни бұл шаралар 100/200 қағидасы арқылы іске асырылады. Жаңартылған оқу бағдарламасына, білікті оқытушылық құрамына назар аударылады. Осы жұмыстарға қажетті қаржы бөлініп, мамандарды оқыту бойынша қазіргі заманғы жабдықтар сатып алынады.

«Бұл маңызды жұмысқа Қазақстанның өңірлеріндегі барлық жүйе құраушы кәсіпорындар мен ірі бизнестің қатысуын шақырамын. Аталған білім беру орталықтарында жастардың инновациялық жобаларын қолдау үшін стартап-орталықтар іске қосылады. Нәтижесінде, 3 жылда 200 мыңнан астам маманды жаңа стандарттармен даярлай аламыз, сондай-ақ 15 мыңнан оқытушының біліктілігін арттырамыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.