Орыс болып туып, қазақ болып өткен Зеңкі | arainews.kz

Орыс болып туып, қазақ болып өткен Зеңкі

114

Біздің ауылда Иванов Евгеньи Ва­си­левич деген кісі болды. Ауыл оны Зеңкі дей­тін. Соған қарағанда Евгеньи де­ген ұлын әкесі Женька десе керек, со­дан бізше Зеңкі боп кеткен сияқты.

Қолы шебер, қазақшаға судай еді. Әкесі Ва­силий Матвеевич Доңызтау өңірінде бол­ған. Оны жергілікті жұрт Мәтжан деп атап­ты. Таудан тасыған су келіп қалып, ар­басы салдырлап келе жатқан орысқа «Қай­д­­а барасың?» десе «Кутумның астын су алып кетті» деген екен. «Астыңнан су шық­ты ма деген осы» деп күлген жұрт, өздері су­дан қаша алмай, әбден әбігерге қалыпты де­седі бұрынғылар. Сөйтсе «Құтым деген шо­қыдан тасыған су келеді» деп ескерткені екен ғой!
Ал Зекең біздің әкелерімізбен дос, жол­дас болды. Мен ауылға барғанда, тек өз жұр­тымнан бақилық болғандардың басы­на ғана соқпаймын, үнемі қорымды түгел ара­лап шығамын. Кеше де сол әдетімнен жаңыл­май аралап дұға ете жүріп, мына құл­пытасты суретке түсіріп алдым. Мың бол­ғыр балалары киіз үй мен жылқының суре­тін салдырып, Құран аяттарын жаз­дыр­ған екен. Ерекшелігі сол, осы қорымда ұлт­тық нақышта өрнектелген жалғыз құл­пы­тас осы екен.
Зеңкі ағамыз ауылдың шалдары қайт­қан­да қабірін қазысып, өзі ішіне жатып кө­ріп, «маңдайы тіреліп қалмасын» деп оты­рып көріп, «өлгенде көрің кең болсын де­ген» деп әбден өлшейді екен. Жатқан же­рі жайлы болғай.
Бір жылы ауылда шешемнің 60-қа тол­ған тойы болып, соңында «Ал, үлкендер ба­та беріңдер» дегенімде Зекеңнен бірер-жас кішілігі бар бір шал қолын көтере беріп еді, Зекең: «Батаны үлкен бермей ме, не әлде ме­нен мұсылманшылығың асып бара ма?» дегені!
Сонда барша жұрттың бірауыздан «Ба­та­ны Зекең берсін» дегеніне куә болып едім.
Иә, Зеңкі ағамыз өмірден қазақ болып өтті.
Айтпақшы, біздің ауылда 1986 жылы туған баласына Бөкенбай деп ат қойған да жал­ғыз осы кісі. Ол кезде Бөкенбай батыр тура­лы ешкім айтпайтын еді. Бұл кісі бата­сы қабыл жанның бірі болды. Ұрпағы Адай­дан қыз алып, Табынға қыз беріп, сол ауыл­дың табанынан қоныс аудармай өсіп-өніп, өркендеп отыр. Қазір ұлы Қалыбек – өрі­сін малға, айналасын тілекші жанға тол­тырған ауылдың нағыз арқасүйер аза­маты!
Мәселе, кім болып дүниеге келгеніңде емес, кім болып өмір сүргеніңде ғой!

Орал-Қосай БАЙСЕҢГІР,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.