«Нұр Отан» қабылдаған шешімдердің 82 пайызы орындалған | arainews.kz

«Нұр Отан» қабылдаған шешімдердің 82 пайызы орындалған

202

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов, «Б.Момышұлы» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылының №1 мектеп гимназиясының директоры Эльмира Абишеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің соңғы бір жыл ішінде атқарған жұмысы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Есепті кезеңде партия облыстық филиалының 4 кезектен тыс конференциясы, 3 Саяси кеңес пен 10 Саяси кеңес Бюросы отырыстары өтіп, қабылданған қаулылардың орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстау партия облыстық филиалы ішкі партиялық жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қалыптасты. 2016 жылдың қарашасында өткен ХVIII (18) есеп беру-сайлау конференциясында қабылданған шешімдердің сапасы мен пәрменділігін арттыруға байланысты нақты шаралар қабылданып, олардың іске асырылуын қатаң бақылауға алудың нәтижесінде 82 пайызы орындалды. Соның ішінде, партия филиалдарын Саяси кеңесі Бюросының рөлі мен мәртебесін көтеруге, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау мәселесі, партиялық топтарға бастауыш партия ұйымдарының Бюро мүшелерін бекіту, бастауыш партия ұйымдарында мәслихаттағы фракция мүшелерінің есебін тыңдау сияқты тармақшалары бүгінгі күнге толық шешімін таппай отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.