Н. Календеров Сарысу ауданында жұмыс сапарымен болды | arainews.kz

Н. Календеров Сарысу ауданында жұмыс сапарымен болды

283

Сарысу ауданында «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-і құрылысы салтанатты түрде басталды.
Ауданға арнайы іссапармен келген Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-нің құрылысының салтанатты түрде лентасын қиды.
2013 жылдың мамыр айында инвесторлармен жүргізілген келісім негізінде Жаңатас жел электр станциясының электр қуатын өндіретін бағаналар құрылысы басталды.
Қазіргі уақытта Сарысу ауданы әкімдігінің Түркістан ауылдық округінен берілген 233 гектар жер көлемі «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-нің ұзақ жылдар бойы ел экономикасының дамуына өзіндік үлес қосуына ықпал етпек.
Инвестициялық жоба аясында жергілікті халықтың жағдайын жасау мен қатар әлеуметтік-экономикалық дамуға үлкен серпін бермек. Бұл Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан Халқына Жолдауларындағы отанға келіп жатқан инвесторларға қойылатын алғы талаптардың бірі.
Өздер мамандарынан бөлек, жергілікті тұрғындардың қатарынан жел электр станция құрылысына 300-ге жуық адам жұмысқа тартылған.
Электр станциясының құрылысы 2020 жылға қарай толығымен аяқталған соң, осында 40 адам тұрақты жұмыс істейтін болады.
Жел электр станциясының қоршаған ортаға санитарлық-эпидемиологиялық әсері толық тексеріліп, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының оңды қорытындысын алды.

Бұл жобаның құны-130 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Қуаттылығы 100 МВТ электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Жобаның негізгі акционері-«Визор Қазақстан» компаниясы.
«Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-гі 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында аудан экономикасының негізгі капиталына 4,5 млрд. тг көлемінде инвестиция салып, негізгі көрсеткіштердің орындалуына оң әсерін тигізді.
Құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңін бастағалы отырған жел электр станциясы Орта Азиядағы электр қуатын өндіретін ең үлкен станция болмақ.
Облыс тұрғындары бұл станцияның әлі талай игілігін көретін болады.
Салтанатты шарада келісім шартқа қол қойылып, инвесторлар аудандық ауруханаға жедел жәрдем көлігін сыйға тартты.

Сонан соң облыс әкімінің орынбасары аудан әкімдігінде бірқатар азаматтарды қабылдап, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.
Қабылдауға жазылған зейнеткер Арқабай Төлмағамбетов «Саудакент» көне қаласын ашық аспан астындағы музей ретінде қолға алу туралы ұсынсын білдірді.
Пікірді мұқият тыңдаған Н.Календеров оңды ұсыныс екенін, бұл мәселенің өзі басшылық ететін саласына қарамаса да ұсынысты облыстық мәдениет басқармасына айтып, шешімін хабарлайтынын жеткізді.
Ауыл ел амандығын сұраған облыс әкімінің орынбасарына А.Төлмағамбетов облыс әкімінің жақындағы іссапарынан соң ауылдықтар серпіліспен қарапайым заттар экономикасын көтеруге құлшыныстары арта түсті деді.
Осындай өз ұсыныс-пікірін білдіргендердің бірі «Соляная компания «Асыл Тұз» ЖШС ас тұзын өңдеу зауытының директоры Әділбек Ақназаров болды.      Басшысы зауытының 2016 жылы«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде индустрияландыру картасына енгендігін айтып, бүгінгі таңда қол жеткен жетістіктері мен алдағы уақыттағы қажеттіліктерін ортаға салды.  Жоба құны 710.0 млн теңгені құрайтын зауыттың 1,4 шақырым темір жол тұйығын салдыру және шикізат алу карьерін қажет ететінін айтып, көмек беруді сұрады.
Облыс әкімінің орынбасары жол мәселесінің қиындығын растап, темір жол тұйығын салдыру жөнінде егер барлық құжаттары дұрыс, әрі заңды болса оң шешімін табу мүмкіндігі бар екендігін айтты.
Ал, шикізат карьеріне қатысты сауалға қандайда бір осы карьерді алсам деген ұсынысыңыз бар ма деп сұрақ қойды. Зауыт басшысы ондай ұсынысының жоқ екендігін, бүгінгі таңда тұзды сатып алатындығын, теміржол тұйығына қатысты жоба жасалынып жатқандығын, өнімге деген сұраныстың көптігін облыстық орынбасарға жайып салды.
Карьерге деген нақты ұсыныс болмағандықтан тап басып жауап беру мүмкін еместігін айтқан Н.Календеров ұсыныс болып жатқан жағдайда зерделеу арқылы шешімі болады деді.
Осы қабылдауға сонау шалғайдағы Шағалалы ауылынан арнайы келген зейнеткер Онләшім Дүйсенбеков Досбол ауылдық округі Шағалалы ауылына газ тарту мәселесін қозғады.
Шағалалы ауылындағы 50 үйлі отбасы жоғары қысымды газдың болғанын қалап, сол елдің талап-тілегін жеткізуге келгендігін айтты. Ешқандай талап-тілектердің ескерусіз қалмайтындығын білдірген Н.Календаров бұл ұсыныс бойынша аудан әкімі Қ.Мәдібек те хабардар еткенін, облыстық энергетика басқармасына сұраныс бергендігін айтты.     Зерделенген соң, бұл мәселе шешімін таппақ екен.
— Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауы – ел дамуының алғышарттарын көрсететін және қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін, ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат.

Бүгінде Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерді орындау мақсатында аудан бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның негізгісі – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар.
Бір сөзбен айтқанда, «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында аудан орталығы Жаңатастан жаңа музей – аудан тарихынан сыр шертетін бірегей орталық ашылса деймін.
Саудакент ауылында Т.Мақашев атындағы мұражай бар. Десекте 90 жылдық тарихы бар ауданның, 50 жылдық кен саласымен сабақтас өрілген қаланың тағылым-тарихынан сыр шертер орталықта заманауи мұражай, тарихи кешеннің болғаны нұр үстіне нұр болар еді,-деген зейнеткер Мағия Тоқсанбаеваның пікірін облыс әкімінің орынбасары осы мәселе төңірегінде аудан басшысы Қ.Мәдібектің өзіндік жоспарлары бар екендігін айтты.

Аудан орталығындағы «Үш алып» ғимаратының орнына «Музей» құрылысын салу, онда тек мұражай ғана емес, балалар өнер мектебі, мәжіліс залы т.б топастырылған кешен орталығы қаланың бас жоспарына сәйкес алдағы уақытта орындалатын болады. Бұл ұсыныс қабылданды деп есептесеңіз болады,-деді.
Қабылдау барысында ауданның, қаланың болашағы жайлы ойлар айтылып, сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Қабылдаудан соң Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Н. Календеров аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі және мекеме-кәсіпорын басшыларымен басқосу өткізді.
Сарысу аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Асияхан Тойшыбекова ауданындағы 2019 жылдың І-жарты жылдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен Облыс әкім және облыстық басқармамен аудан әкімі арасындағы межелердің орындалуы туралы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.
Баяндамадан соң облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлік саласындағы жобалар жайлы сұрастырып, ауданда атқарылып жатқан істер баршылық, тек соны көрсете білу керектігін айтты. Межелердің орындалуы жайлы атқарылып жатқан істер кеңінен ортаға салынып, бағыт бағдар, тапсырмалар берілді.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Суреттерді түсірген автор.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.