Бүгін партия облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Мирас» аймақтық кеңесінің отырысы өтті.
Жиында кеңес мүшелері облыстағы ұлтаралық келісімді нығайту және азаматтық қоғамды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен Жол картасы аясында мәдени объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тарихи мұраны сақтауға бағытталған жұмыстар туралы мәселелерді қарады. Ол бойынша тиісті басқарма басшыларының есебі тыңдалды.
Сондай-ақ, кеңес барысында «Ұлы дала» шығармашылық байқауының өңірлік жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталып, шығармалары үздік деп танылған қарымды қалам иелеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді.