Меркі ауданы әкімдігінің бөлім басшысы парамен ұсталды | arainews.kz

Меркі ауданы әкімдігінің бөлім басшысы парамен ұсталды

334

Меркі ауданы әкімдігі Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы парамен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлім басшысының заңға қайшы әрекеті 12 қыркүйекте әшкере болған. Департамент өкілдерінің айтуынша, күдікті Д. есімді азамат жеке кәсіпкердің Меркі ауылынан сауда нүктесін ашуына керекті жер телімін алуға көмек көрсеткені үшін 150 000 теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда.

turaninfo.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.