Халықаралық валюта қорының бұрынғы бас директоры түрмеге қамалды | arainews.kz

Халықаралық валюта қорының бұрынғы бас директоры түрмеге қамалды

906

Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Родриго Рато 4,5 жыл бойы Мадрид түрмесінде жазасын өтейді.

Родриго Рато 2004-2007 жылдары Халықаралық валюта қорын басқарған, ал оған дейін Испанияның экономика министрі дәне үкімет төрағасының орынбасары болған. Ол 25 қазанда Сото-эль-Реаль түрмесіне қамалды, деп хабарлайды DW Испания ІІМ жанындағы Пенитенциарлық  мекемелер бас хатшылығына сілтеме жасап. Үкім 2017 жылдың ақпанында шығып, Жоғары сотта қайта қаралды. Алайда, бұл шешім өзгермеді.

Ротаның үкімі оның Испания үкіметіндегі, Халықаралық валюта қорындағы қызметіне қатысы жоқ. Ол Испанияның Bankia ірі банктерінің бірінің резервін мақсатқа сай пайдаланбаған. Ол бұл банкті 2010-2012 жылдары басқарған. Ол өкілдер шығысын төлеуге арналған корпоративтік несие картасын жеке қажеттілігіне жұмсаған. Оның шығыны 100 мың еуроны құрайды. Ол бұл қаржыға киім-кешек, алкогольдік ішімдік, иіс су алып, мейрамханадағы жеке шоттарын төлеген. Несиелік картаны бақылаусыз қолданған банктің 14 басшысы да осындай мерзімге абақтыға жабылды.

Bankia президентінің қылмысы аудиторлық тексеріс кезінде анықталды. Бұл банк 2010 жылдары әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан 3 млрд еуро жоғалтқан еді. 2012 жылы банк күйреуге ұшырап, Еуроодақ несиелерінің көмегіне жүгінген. Рато дағдарыстың алдын ала алмай, бірнеше қате шешім қабылдап, банктің жағдайын нашарлатып жіберген.

Ақша жымқыру, банк активтерінің ізін жасыру, салық төлемеуге байланысты 2017 жылдың жазында қозғалған өндірістік іс әлі де жалғасып жатыр. Осы іспен айналысып жатқан Мадрид қалалық №31 соты мәлім еткендей, Рато оффшорларда, атап айтқанда Панамада 8 млн еуро жымқырған. Ратоның өзі бұл қылмыстарды жоққа шығаруда.

Оның айтуынша, оффшорларда оның отбасының капиталы, соның ішінде әкесінің — ірі кәсіпкердің мұрасы сақтаулы тұр. Испания салық ведомствосының дерегі бойынша, Ратоның дәулеті 27 млн еуро деп бағаланып отыр.

El Confidencial беделді интернет-басылымының мәліметі бойынша, Рато қазір Жоғарғы соттың шығарған үкіміне шағым түсірмекші.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.