1 қазан – халықаралық қарттар күніне орай Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған кеш өтті.
Қарттарға көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырушылар ән-шашу тарту етіп, құттықтауларын айтты.
«Бізді ескеріп, мерекелік дастарқан жайып, сыйлық беріп жатқанына алғысымызды айтамыз. Еліміз бейбітшілік пен тыныштықта болсын», — деп ағынан жарылды шараға қатысушы қария Ережепбай Жетібаев.
Жиын соңында ардагерлерге Қазақстанның Еңбек ері, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіровтің атынан азық-түлік себеттері табыс етілді.