Дүйсенбі күні Мексика астанасында ішімдік өнімдерін шығаратын фабрикада қатты жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлады Мехико азаматтық қорғаныс қызметінің жетекшісі Фаусто Луго.
«Ішімдік фабрикасындағы өртті өрт сөндірушілер өз бақылауларына алды. Бір адам жарақаттанып, 2 мың адам эвакуацияланды», — деп хабарлады Луго Twitter-дегі микроблогында.
Жарылыстың қатты болғаны соншалық, жалын бірнеше ондаған метрге дейін көтерілген.