Еуропа лигасы: «Астана» сырт алаңнан ұпай олжалады | arainews.kz

Еуропа лигасы: «Астана» сырт алаңнан ұпай олжалады

344

Бүгін футболдан Еуропа лигасының үшінші тур ойындары өтті. Елордалық «Астана» сырт алаңда Чехияның «Яблонец» командасымен кездесіп, ұпай олжалады.

Айта кетейік, «Яблонец» Еуропа лигасы топтық кезеңінде алғаш рет бақ сынап отыр. Бұған дейін аталған команда плей-офф кезеңінен әріге бара алған жоқ еді. Биыл «Астананың»  қарсыласы ешқандай іріктеу кезеңіне қатыспастан топтық кезеңге шыққан.

Осыған дейін қос команда үш ойыннан өткізді. Елордалық «Астана» алдымен Украинада «Динамо» (Киев) клубымен 2:2 есебімен тең ойнады. Одан кейін өз алаңында Францияның «Ренн» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Бүгінгі ойын бірден-ақ екі команданың шабуылымен басталды. Дегенмен алғашқы допты алаң иелері соғып үлгерді. «Яблонец» 4-минутта оң қанаттан шабуыл жасап, Якуб Поважанец тамаша мүмкіндікті голға айналдырып, өз командасын алға шығарды. Алайда арада жеті минут өткенде «Астана» таразы басын теңестіріп үлгерді. Джуниор Кабананга оң қанаттан Педро Энрикенің басына әдемі әуелете доп берді. Бразилиялық ойыншы алаң иелері қақпасына гол соғып кетті. Есеп 1:1. Бұдан кейін де «Астананың» бірнеше мүмкіндігі болған. Мәселен, 19-минутта Марин Томасов сондай тамаша мүмкіндікті сәтті пайдалана алмады.

Екінші кезеңде есепті үстемелеуге мүмкіндік болған. Дегенмен оларды дегендеріне жарата алған жоқ. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Осы топтағы Францияның «Ренн» және Украинаның «Динамо» (Киев) командалары арасындағы кездесу 2:1 есебімен украиндық команда пайдасына аяқталды.

«Астана» енді Еуропа лигасындағы екі ойынын өз алаңында өткізеді.  Алдымен 11 қарашада бүгінгі қарсыласы — «Яблонецті» қабылдаса, 29 қарашада «Динамо» (Киев) командасымен шеберлік байқасады. Содан кейін 13 қарашада Франнцияда «Реннмен» кездеседі. Ал 28 қазанда ел біріншілігінің 31-турында Қостанайда «Тобылмен» ойнайды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.