«Білім беруде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында тренинг өтті | arainews.kz

«Білім беруде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында тренинг өтті

528

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінде оқушылар мен студенттер арасында адалдық, парасаттылық, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Білім беруде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында тренинг өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және облыс әкімдігінің білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған шараға департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, облыс оқушылары, ата-аналар мен психологтар қатысты.
Парасат елшілеріне арналған тренинг барысында өңірдің озық психологтары парасаттық елшілеріне танымдық тренинг жүргізіп, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңыздылығын түсіндірді. Бала бойына ізгі қаситеттерді қалыптастыруда «Оқушы, Ұстаз, Ата-ана» арасындағы байланыстың берік болуы тиімді нәтиже беретіндігін ерекше атап өту керек.
Басқосу соңында қатысушылар «Адалдықтың биік шыңы – парасаттылық» деген түйінмен тарқасты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.