Балалар әдебиетінің бәйтерегі | arainews.kz

Балалар әдебиетінің бәйтерегі

141

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында квест ойынын Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ұйымдастырып, өткізді.
Аталған іс-шара Берікқара шатқалында орналасқан «Тау самалы» балалар жазғы сауықтыру лагерінде өтті. Қазынаны іздеу арқылы жүзеге асатын бұл ойын 3 аялдама, 9 тапсырманы орындау бойынша жүргізілді. Аялдамалардың жүру бағытын анықтау үшін маршруттық карта беріліп отырды. Бұл карталарға қол жеткізудің өзі команда ойыншыларына оңай тимеді. Олар әр аялдамада пазл, сканворд, ребус құрастырып, түрлі логикалық тапсырмаларды орындады. Солай балалар ұшқыр ой, зеректіліктерін, шапшаңдықтарын танытты. Ойын соңында қазынаны тауып, берілген тапсырмаларды орындады. Негізінде аталған тапсырмаларға жасырынған сұрақтар жазушының өмірі, шығармашылығы мен кино фильмдегі кейіпкерлерді сомдау сынды тапсырмалардан тұрды. Бұл ойынға небәрі үш топ қатысып, ойын соңында жүйріктер анықталып, шағын сыйлықтарға ие болды.
Ал квест ойынын тамашалауға келген көрермендерде ойынан тысқары қалмай жазушының шығармашылығынан виктариналық сұрақтар қойылды.
Аталған іс-шара өте әділ өтіп, жеңімпаз атанған командаларға кітапхана тарапынан әзірленген Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Шара соңында балалар жазғы сауықтыру лагерьінің директоры Ғалия Сейтбекқызы ойынның түйінін шығарып, үздік ойыншыларды атап көрсетіп, жылы лебізін білдірді.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Зарина Серікқызы өз біліктілігі мен алғырлығын танытқан балаларға, лагерь директоры мен тәрбиешілеріне алғыс білдірді.
Сонымен қатар ойын алдында лагерь тәрбиешілері әзірлеген флешмоб орындалды. Жалпы сайысқа түскен «Ай-хай», «Самурай», «Калифорния» командалары өздерінің білімі, шапшаңдығы, тапқырлығы жағынан бір-бірінен қалыспады. Дегенмен ойынның шартына сәйкес ІІІ-ші орынды «Калифорния» командасы, ІІ-ші орынды «Ай-Хай», І-ші орынды «Самурай» командасы иеленді. Бұл ойын лагерь балалары үшінде, кітапхана қызметкерлері үшінде өте қызық өтті.

Қатысушылардың пікірі:
1. «Самурай» командасының қатысуышысы Дарын Сейтжанов: Өзіңді бір қиындыққа тап болғандай сезінеді екенсің. Бастапқыда абдырап қалдық. Себебі, жай ғана ойын деп қарадық. Сосын әрекет етуді түсіндік. Әркім өзінше әрекет етіп, уақыт өткізіп алдық. Бұл ойында жым болып ұмтылу керек екен. Иә, шынымен бұл ойын «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағидаға негізделген. Ойнай отырып, ойлауға бейімдейді. Әрекет етуге, команда үшін күресуге, жеңіске жетуге бейімдейді. Маған ойын өтте қатты ұнады. Кітапхана қызметкерлеріне рақмет!

2. «Калифорния» команданың жетекшісі Айша ханым: Алғашында ойынға қатысып жатқан командамның балалары абдырап қалғанмен, тез жинақталып, бірлесе жұмыс істеді. Ауызбіршілік бар екен. Соған қуандым. Сонымен қатар, қатысушылар қазақтың біртуар жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі, шығармашыллығымен танысты. Біз бала кезден экранан тамашалып жүрген «Менің атым Қожа» фильмінің мән-мағынасын қайта түсінгендей болдық. Қатысушылардың да кітапқа деген қызығушылығы артып, оны оқуға деген ынтасы оянды. Кітапханашылармен де тәжірибеде алмастық. Бұл ойынның біздің жұмысымызға септігі тиіп тұр.

3.Ұйымдастырушы: Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Берікқара шатқалында орналасқан «Тау самалы» балалар жазғы сауықтыру орталығында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты квест ойыны өтіп жатыр. Бұл ойынды өткізуді кітапхана ұжымы дәстүрге айналдырып отыр. Осы уақыт аралығында квест-ойынына қала сыртында орналасқан бірнеше лагерьде ұйымдастырылды жәнеде жоғарғы деңгейде өтуде. Барлық қатысушы командалар бар ыңтасымен қатысуда. Қазынаны іздеу арқылы жүзеге асатын бұл ойын 3 аялдама, 9 тапсырманы орындау бойынша жүргізілді. Аялдамалардың жүру бағытын анықтау үшін маршруттық карта беріліп отырды. Әр аялдамада балалар пазл, сканворд, ребус құрастырып, түрлі логикалық тапсырмаларды орындады. Солай балалар ұшқыр ой, зеректіліктерін, шапшаңдықтарын танытты. Негізінде аталған тапсырмаларға жасырынған сұрақтар жазушының өмірі, шығармашылығы мен кино фильмдегі кейіпкерлерді сомдау сынды тапсырмалардан тұрды. Бұл ойынға небәрі үш топ қатысып, ойын соңында жүйріктер анықталып, шағын сыйлықтарға ие болды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.