Тараз қаласының өнеркәсіп саласына тиесілі жер телімі 4297 гектарды немесе қала аумағының 22,9 пайызын құрайды. Бұл жерлердегі пайдаланушылар саны бүгінде 3400 бірлікке жеткен. Осы орайда Тараз қаласының Төле би, Е.Ниетқалиев, Исатай, Ы.Сүлейменов және Әл-Фараби көшелері бойынша өндірістік аумақтың картасы әзірленіп, 1487 гектарды құрайтын 379 жер иеленуші кәсіпкерлердің картасы жасақталды. Ол жерлерде, инвентаризациялау жұмыстарының нәтижесі бойынша 209,2 гектарды құрайтын 21 нысанның өндірістік қызметі тоқтап, тиісті жер телімдерінің бос тұрғаны анықталды. Сонымен қатар, Сыпатай, Мәмбет батыр көшелеріндегі 217 гектарды құрайтын 209 жер пайдаланушылар саны бар болса, онда 28,1 гектарды құрайтын 8 бос өндіріс нысандары анықталды. Қазіргі таңда осы аумақтарды тиімді пайдалану бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Тараз қаласында агроөнеркәсіп кешінін дамыту бағытында да нақты жоспарлар түзілуде, Есепті кезеңде ауылшаруашылық саласында 2 миллиард 913,1 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығы бойынша 924,3 миллион теңгеге, өсімдік шаруашылығы бойынша 1 миллиард 766,7 миллион теңгеге өнім өндірілген. Осы сала бойынша ірі қара мал – 263 басқа немесе 5,8 пайызға, жылқы 2 басқа немесе 0,2 пайызға, ешкі – 47 басқа немесе 6,2 пайызға , үй құстары 27 840 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 710 басқа өсіп отыр. Ал, қой — 345 басқа немесе 4,6 пайызға өсіп отыр. Бұл көрсеткіш 2018 жылы – 7546 басты құраса, 2019 жылы – 7201 бас деңгейіне жетіп отыр. Сондай-ақ сүт өндіру 1,4 тоннаға немесе 0,1 пайызға артқан. Яғни 2018 жылы – 3562,6 тонна сүт өндірілсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 3564 тоннаны құрады. Сол сияқты ет өндіру 0,9 тоннаға немесе 0,3 пайызға көбейген. Нақтырақ айтқанда 2018 жылы – 268,2 тонна ет өндірілсе, 2019 жылы бұл меже 269,1 тонна шамасында. Сонымен қатар жұмыртқа 1,0 мың данаға немесе 0,1%-ға өсіп отыр.
Осылайша Тараз қаласында ауыл шаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлықтақтай көрсеткіштер қалыптасуда.