Жол-құрылыс материалдары жіті тексерілуде — arainews.kz

Жол-құрылыс материалдары жіті тексерілуде

13

Біздің елде жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ жол активтерінің басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау міндеті жүктелген мекеме «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы». Құрылғалына жеті жылға жуықтаған уақыт ішінде аталған орталықтың өңір-өңірлердегі филиал қызметкерлері нәтижелі жұмыс істеп, кездескен кедергілерді еңсеруге күш салып келеді.

Мәселен, жамбылдық жолшылар осы жылдың 8 айында тұрақты түрде іссапарға шығып, бірқатар нысандарға инспекциялық тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, республикалық және жергілікті жолдардағы 47 нысанға 130 рет шығып, 615 жол-құрылыс материалдарының сынамасы алынған. Оның 576-ы сынақтан өткізіліп, 140 сәйкессіздік көрсетіп, 436-і оң нәтиже берді. Қалғанында сынақ аяқталмаған.

– Инспекциялық шығу кезінде жалпы 34 ақау анықталып, тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарға тиісті ақпарат хат жүзінде ресми жіберілді. Жалпы, біздің қызметіміздің мақсаты – жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Егер бұрын аймақтық зертханалар республикалық жолдардың сапасын тексеріп, оның кемшіліктерімен күрессе, қазір құрылған орталық барлық жалпыға ортақ жолдарды, соның ішінде жергілікті жолдарды тұтас қамтиды, – дейді облыстық филиалдың сапа және есеп бөлімінің басшысы Мадияр Айбынұлы.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.