Талас ауданының Үшарал ауылында тұрғындар үшін маңызды әлеуметтік нысанның бірі – жаңғыртудан өткен мәдениет үйі пайдалануға берілді. Айтулы шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты сәтімен құттықтады.
Өңір басшысы өз сөзінде мәдениет саласының қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, ауыл тұрғындарының рухани қажеттілігін өтеуге бағытталған мұндай нысандардың елді мекендердің әлеуметтік дамуына айрықша үлес қосатынын атап өтті.
Шарада аудандық мәслихаттың төрағасы Қадірбек Садубаев, ауыл ардагерлері Салықбек Тілеубердиев пен Базар Мәденов те сөз сөйлеп, елді мекеннің әлеуметтік және мәдени тұрғыдан одан әрі өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Жаңғырту жұмыстары «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылған. Аталған жоба ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіруге, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыруға және ауылдардың әлеуетін арттыруға бағытталған. Осы жоба аясында Үшаралдағы мәдениет үйі де заманауи талаптарға сай жаңартылып, ел игілігіне қайта ұсынылып отыр.
300 орынға арналған мәдениет үйі ауыл тұрғындарының мәдени-көпшілік іс-шараларды кең көлемде өткізуіне мүмкіндік береді. Мұнда концерттер, шығармашылық кештер, түрлі қоғамдық жиындар, мерекелік шаралар мен мәдени бағдарламалар, балаларға арналған үйірмелер ұйымдастыруға қажетті барлық жағдай жасалған.
Нысанның құрылыс жұмыстарын «Компания Сырым Блеке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.
Алдыңғы