Жамбыл ауданының тұрғындарына «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы заңдылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында кездесу өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, Жамбыл ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Мақсат Мадимаров, аудан прокуратурасының аға прокуроры Дінмұхамед Қадыров, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды. Құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындарға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әр азаматтың жауапкершілігіне тоқталды.
Сондай-ақ тұрғындардың көкейіндегі сауалдарға жауап беріліп, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылыққа жол бермеу және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі. Заңды құрметтеу мен қоғамдық тәртіпті сақтау әр азаматтан басталады. Осы бағыттағы түсіндіру және алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.
