Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде кәмелетке толмағандармен «Отбасы құндылықтары» тақырыбында лекция өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру, отбасылық қарым-қатынастарды нығайту, адамгершілік және жауапкершілік қасиеттерін дамыту.
Лекция барысында кәмелетке толмағандарға отбасының адам өміріндегі рөлі, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық, сенім мен қолдаудың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, отбасы ішіндегі түсіністік пен сабырлылықтың маңызы, қиын жағдайларда бір-біріне тірек болу қажеттілігі атап өтілді.
Кәмелетке толмағандар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, отбасы тақырыбына қатысты пікір алмасты. Лекция соңында кәмелетке толмағандар отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығын түсініп, өз өмірлерінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді.
Нәтижесі:
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың отбасы құндылықтарына деген көзқарастары қалыптасып, жақындарына деген жауапкершілік сезімдері артты.