Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде бекітілген жоспарға сәйкес әр аптаның сәрсенбі күні мекеме басшылығы, бөлім бастықтары және аға инспекторлардың қатысуымен мекеме аумағын аралау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Іс-шара барысында мекеменің тұрғын аймақтарының санитарлық жағдайы, сотталғандар мен тергеудегі азаматтарды ұстау талаптарының сақталуы, қауіпсіздік пен ішкі тәртіп мәселелері бақылауға алынды. Сонымен қатар сотталғандар мен тергеудегі азаматтармен жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізіліп, олардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды.
Жеке қабылдау барысында көтерілген мәселелер заң талаптарына сәйкес қарастырылып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мекемедегі құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табатын болады.
