Кәмелетке толмағандармен тәрбие жұмысы – басты назарда - arainews.kz

Кәмелетке толмағандармен тәрбие жұмысы – басты назарда

17

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекемесінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдермен тәрбие және моральдық қолдау бағытында әңгіме-сұхбат жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Саят Рахимовтың қатысуымен өтті. Әңгіме-сұхбат барысында жасөспірімдермен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамға бейімделуі және тұлғалық дамуына ықпал ету мәселелері қарастырылды.

Саят Керімбайұлы өз сөзінде әрбір жасөспірімнің болашағы өз қолында екенін атап өтіп, заң талаптарын сақтау, дұрыс өмірлік бағыт таңдау және білімге ұмтылудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жасөспірімдерге моральдық-психологиялық қолдау көрсету, олардың ішкі сенімін нығайту және оң көзқарас қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мекемеде кәмелетке толмағандармен тәрбие және моральдық-психологиялық қолдау бағытындағы әңгіме-сұхбат жұмыстары үнемі әрі жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстар жасөспірімдердің түзелуіне, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамға қайта бейімделуіне оң әсерін тигізуде.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.