Мәслихат депутаттары Конституция жобасын түсіндіруде - arainews.kz

Мәслихат депутаттары Конституция жобасын түсіндіруде

2

Елімізде бастау алған конституциялық реформа аясында Тараз қаласында жаңа Ата заңның жобасын түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Осыған орай Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде педагогикалық ұжымның қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиын барысында Конституцияның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған негізгі қағидаттары, сондай-ақ олардың білім беру саласына әсері жан-жақты қарастырылды.

Қатысушылар конституциялық құндылықтарды білім беру процесінде кеңінен насихаттау мен білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында жаңа Ата Заңның негізгі нормалары мен қағидаттарын білім алушыларға түсіндіру, оларды оқу-тәрбие жұмысына жүйелі түрде енгізу және құқықтық ағарту жұмыстарын күшейту жөнінде тиісті шешімдер қабылданды.

Сондай-ақ осы бағыттағы кездесулер №4 облыстық мамандандырылған балалар мен жөсөспірімдер спорт мектебі, облыстық көпбейінді аурухана және облыстық психикалық денсаулық орталығында өз жалғасын тапты.

Аталған кездесулерге қалалық мәслихаттың депутаттары Марат Жұманқұлов пен Серік Жетібаев қатысып, жаңа жобаның басты бағыттарын жан-жақты түсіндірді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.