Антына адал ҚАЖ қызметкерінің анасы алғыс арқалады | arainews.kz

Антына адал ҚАЖ қызметкерінің анасы алғыс арқалады

2 606

Барыс жылы табалдырықтан аттаған алғашқы күндері ел есінде «Қасіретті қаңтар» атымен қалған толқулар орын алды. Осындай сындарлы сәтте республикамыздың күштік құрылым қызметкерлері арам пиғылды содырлармен күресте қайсарлық танытты. Тәуелсіздігіміздің беріктігі мен Конституциялық құрылымымыздың мызғымастығын жұдырықтай жұмыла қорғаған азаматтардың батылдығы келер ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Бұл қатардан арнайы режимдік мекемелердің де қызметкерлерін қалдырып кетуге әсте болмайды. Мекемедегі тұрақтылық пен тәртіптің сақталуын мызғымай күзектен ҚАЖ қызметкерлері де дүрбелең күндері антына адалдықтарын танытты.

Соның бірі – Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жөніндегі бөлімнің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Дәурен Қуаныш.

Дәурен Қуанышұлы Қазақстан Республикасында орын алған төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ-нің қалыпты жағдайын қамтамасыз етуде белсенділік танытып, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарды. Осыған орай, Отанының адал азаматы, қызметтік борышын қалтқысыз атқаратын жауапты қызметкерді тәрбиелеп, өсіргені үшін Д. Қуаныштың анасы Клара Бекмұсаева Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың Алғысхатымен марапатталды.

Марапатты арнайы тапсырған Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов ардақты ана Клара Қаратайқызына үлкен алғысын білдірді.

– Отан алдындағы борышты өтеу мен адал қызмет ету – абыройлы іс. Еліміздің тыныштығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қасиетті борыш, жоғары жауапкершілік. Сіздің ұлыңыз Дәурен Қуанышұылының еліміз үшін қиын сәттегі мінсіз қызметі – Сіздердің берген тәрбиелеріңіздің нәтижесі. Ол жас қызметкерлер үшін үлгі алып, өз сертіне адалдықтың символы болатынына күмәніміз жоқ, – деді Ә. Дәулетқұлов.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.