Андас Батыр ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды | arainews.kz

Андас Батыр ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

139

Өрт – тілсіз жау. Тосыннан туындайтын төтенше жағдайда адам мен мал-мүлік шығынын болдырмас үшін жедел қызметтің жуық арада орналасуы аса маңызды. Осыған орай, Жамбыл облысының шалғай жатқан елді мекендерінде өрт сөндіру бекеттері құрылуда. Соның бірі жуырда Меркі ауданының Андас батыр ауылында ашылды.

Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанатына Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменов, Андас батыр ауылдық округі әкімі Бейбіт Мазиев, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ Андас Батыр ауылының тұрғындары қатысты.

Өрт сөндіру бекеті Андас батыр ауылдық округі әкімдігі аппаратының ғимаратында орналасқан. Онда демалу бөлмесі, телефон байланысымен қамтамасыз етілген диспетчерлік бөлме және өрт сөндіру автомобиліне арналған жылы бокс бар.

Жаңадан құрылған өрт сөндіру бекетінің командасы жануға шығып қана қоймай, олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді, халыққа көмек көрсетеді, сондай-ақ алдын алу жұмыстарымен айналысады.

Өрт сөндіру бекетінің жауапкершілік аймағында 20 шақырым радиуста 8 мыңнан астам тұрғыны бар 7 елді мекен орналасқан. Облыстық ТЖД Меркі ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері бекетінің ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін өрт сөндіру бекетінің жеке құрамымен шартты өртті сөндіру бойынша теориалық және практикалық сабақтар өткізді, жаттығулар барысында олардың өрт кезіндегі іс-әрекеттері, өрт кезінде өрт автокөлігінен су беру және су көздерінен су алу амалдары пысықталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.