Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, аға кеңесшісі және өңірлік Қылмыстық-атқару департаменті бастығының орынбасары департаментке қарасты №25 мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Облыстық прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылған қабылдауға бас-аяғы 15 сотталған келді. Жиын барысында лауазымды тұлғалар жазасын өтеушілердің арыз-шағымдарын тыңдап, заңдық кеңестерін берді. Сонымен қатар олардың өзге де талап-тілектеріне құлақ қойып, олардың назарға алынатынын, заң шеңберінде көмек берілетінін айтты.
Қабылдау аяқталған соң келген тұлғалар мекеме аумағын аралап көрді. Атап айтқанда № 25 мекеме қазандығының қысқы кезеңге дайындығын тексеріп, өндірістік аумағындағы жұмыстармен танысты.