1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Жастар жылы аясында Сарысу ауданы əкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жəне Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған «Салауатты ұлт — салауатты ұрпақ» атты волейболдан ашық біріншілік өтті.
Оған ауданнан 8 команда қатысты. Шарада сөз алған аудан əкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Бегалиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Салауатты ұрпақ – ертеңімізді жарқын ететін жастардың алдыңғы қатары, көшбасшылары. Олар өз істерімен замандастарына үлгі болып, «Тәні саудық «Тәні саудың – жаны сау» екенін дәлелдейді. Сол себепті, баршамыз бұқаралық спаортты дамытуға баса назар аударып, өз үлесімізді қосуымыз қажет. Осы мақсатта ұйымдастырылып отырған бүгінгі спорттық шараның қатысушыларына сәттілік тілеймін, – деді С. Бегалиев өз сөзінде.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды М.Əуезов мектеп-гимназиясы иеленсе, 2 орынды Жаңатас қаласы спорт мектебі жеңіп алды.Ал 3 орынды Жаңатас көп салалы колледжі місе тұтты.
Жеңімпаздарға «Жастар ресурстық орталығының» алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сондай ақ, аудан əкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің медалі мен кубогі берілді.