Сарысуда волейболдан ашық біріншілік өтті

1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Жастар жылы аясында Сарысу ауданы əкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жəне Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған «Салауатты ұлт  —  салауатты ұрпақ» атты волейболдан ашық біріншілік өтті.

Оған ауданнан 8 команда қатысты. Шарада сөз алған аудан əкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Бегалиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Салауатты ұрпақ – ертеңімізді жарқын ететін жастардың алдыңғы қатары, көшбасшылары. Олар өз істерімен замандастарына үлгі болып, «Тәні саудық «Тәні саудың – жаны сау» екенін дәлелдейді. Сол себепті, баршамыз бұқаралық спаортты дамытуға баса назар аударып, өз үлесімізді қосуымыз қажет. Осы мақсатта ұйымдастырылып отырған бүгінгі спорттық шараның қатысушыларына сәттілік тілеймін, – деді С. Бегалиев өз сөзінде.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды М.Əуезов мектеп-гимназиясы иеленсе, 2 орынды Жаңатас қаласы спорт мектебі жеңіп алды.Ал 3 орынды Жаңатас көп салалы колледжі місе тұтты.

Жеңімпаздарға «Жастар ресурстық орталығының» алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сондай ақ, аудан əкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің медалі мен кубогі берілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.