Қазақстанда сабын мен кір жуатын ұнтақ қымбаттаған.
Сарапшылардың мәліметінше, қыркүйек айында кір жуатын ұнтақтың бағасы жарты келі үшін 427 теңгеге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,7%-ға қымбат. Ал иіс сабын бір жылда 8,8%-ға қымбаттаған. Осылайша, иіс сабын бір жылда 211 теңгеге дейін, ал кір сабын 8%-ға — 120 теңгеге жеткен.
Сондай-ақ, зерттеуге қарағанда, елімізде сабын өндірісі 7 айда бірден 68,3%-ға қымбаттаған.