Кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде

Меркі ауданында қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуы айтарлықтай. Атап айтқанда, осы жылдың 1 қазанына Меркі ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны 4901, оның 1646-ы шаруа немесе фермер қожалықтары, 3021-і жеке кәсіпкерлер, 234 шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар тіркелген. ҚР индустриялды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында, ауданда Кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша, жалпы құны 1 миллиард 712,2 миллион теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылды және 38 жаңа жұмыс орындар ашылды.

Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында несиенің пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша Басқарма тарапынан жалпы сомасы 49 миллион теңгені құрайтын жобаларды іске асыру бекітілген.  Бүгінгі таңға жалпы сомасы 192,7 миллион теңгені құрайтын 5 жоба Тараз қаласындағы екінші деңгейлі банк тарапынан мақұлданды. Осыған байланысты бекітілген меже жыл қорытындысы бойынша артығымен орындалды. Жастар жылына орай «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының қайтарымсыз мемлекеттік грант беру тетігі бойынша 18-29 жас аралығында өткізілген конкурсқа ауданнан жалпы сомасы 76,1 миллион теңгені құрайтын 27 жоба ұсынылып, оның ішінде 10 жоба жеңімпаз атанып бизнес жоспарларын іске асыруда.

Comments (0)
Add Comment