Әлеуметтік-тәрбиелік ықпал ету жолымен, радикалды көзқарастан арылту | arainews.kz

Әлеуметтік-тәрбиелік ықпал ету жолымен, радикалды көзқарастан арылту

127

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 түзету мекемесіндегі бас бостандығынан айырылған азаматтар дін өкілімен кездесті. Басқосу барысында Тараз қалалық «Фирдаус» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев сотталғандармен топтық кездесу ұйымдастырылды.
Басқосу барысында Алмас Кенжемолдаев кездесу тақырыбына сай кеңінен тоқталды.
Түзеу мекемелесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарды қоғамға қайта бейімдеудегі негізгі мақсаттардың бірі оңалтылатын адамдарға мақсатты, үздіксіз, жеке идеологиялық, алдын алу профилактикалық және әлеуметтік-тәрбиелік ықпал етуді қамтамасыз ету жолымен радикалды көзқарастан арылту болып табылады. Теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында сотталғандарға дәріс жүргізді. Онда баяндамашы қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Ислам дінінің сабақтастығы жайында әңгіме қозғай отырып, сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстанып келген салт-дәстүрімізлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың түп-тамыры Ислам дінінің шарттарымен біте қайнасып жатқандығын нақты дәлелдермен жеткізіп берді.

Сұхбат барысында өзге тақырыптарда да әңгіме жүргізілді. Сотталған азаматтар сұхбат барысында келтірілген дәлелдерге көңілдері толып, жақсы әсерде отырды. Сұхбат соңында сотталған азаматтар өздерін қызықтырған сауалдарын қоя отырып алдағы уақытта да осындай кездесулердің жиі болып тұруын қалайтындықтарын жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.