Әлеуметтік қорғау – басты назарда | arainews.kz

Әлеуметтік қорғау – басты назарда

350

Шу ауданында бүгінгі күнге халық саны 102 120 адамды құраса, оның ішінде 50 323 адам экономикалық белсенді халық санатына жатқызылған. Ал, жұмыссыздық деңгейі 2,2 пайызды құрайды. Осыған орай, ағымдағы жылдың 9 айында 3234 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.

Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орнына – 1782 адам, жастар практикасына – 242 адам,  ақылы қоғамдық жұмыс орнына – 428 адам, әлеуметтік жұмыс орнына – 54 адам, кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуға жіберілгендер – 140 адам, қысқа мерзімді оқыту курсына жолдама алғандар -341 адам, несие алған -104 адам. Сондай-ақ, 100 адам қайтарымсыз гранд  алып, 33 адам кәсіптік оқытуға жіберілген. Нәтижесінде, жұмысқа орналасқандар үлесі  95,6 пайызды құрады.

– Ағымдағы жылы аудан бойынша 910  жұмыс орын ашылады деп жоспарланған.  Оның 630 жаңа жұмыс орны, 280 маусымдық жұмыс орны. Бүгінгі күнге  770 жаңа жұмыс орны  және 280 маусымдық жұмыс орны ашылды.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 351 адам жолданды. Жолдама  алғандардан 185 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Бағдарламаның ІІ бағыты – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 186 азаматқа шағын несие беріу жоспарланып, оған 611,3 млн теңге бөлінді. «Бастау Бизнес» жобасына кәсіпкерлік негіздеріне «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шу аудандық филиалы арқылы 135 адам -оқыту жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 140 азамат Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінде оқуға жіберілді. Сондай-ақ, түрлі көздерден шағын несиелер берілді, – дейді аудан әкімі Ж. Айтақов.

Ауданда жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстары да жүйелі жүргізілген. Нәтижесінде, жыл басынан 3 118  мұқтаж  отбасындағы  15 652 адамға 1 179,6 млн. теңге  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып,  төленген.  Сонымен қатар, 271 отбасы немесе 489  адамнан құжаттар қабылданып, 7 млн. 416 мың 500 теңге тұрғын үй көмегі  тағайындалып төленді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.