Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 364,44 теңгені құрады.
Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 2,96 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға — 363,7 теңге, ал ең жоғарысы 366 теңге болған. Сауда көлемі 96,9 млн долларды құрады.
Дүйсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 367,4 теңгені, күндізгі сессияда 367,19 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 367,3 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 133,45 млн доллар болды.