Мектеп туризмі: Оқушыларды үлкен экспедиция күтіп тұр | arainews.kz

Мектеп туризмі: Оқушыларды үлкен экспедиция күтіп тұр

192

2019 жылы өтетін Жастар жылы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы бірқатар шараларды қолға алғалы отыр. Оның бірі — ел ішіндегі оқушылар үшін ұйымдастырылатын аймақтық экспедиция.

«Қазақстан халқы Ассемблеясы еліміздің өңірлері бойынша бұқаралық мектеп туризмін қолға алады. «Өз жеріңді танып біл» жобасы аясында ҚХА республикалық-туристік «Ел тану» экспедициясын бастайды. Республикалық экспедиция жастар мен мектеп оқушыларының бір-бірінің аймақтарын аралау мазмұнында жүргізіледі», — деді ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚХА Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жастар арасындағы әскери-патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында Достық үйлерінің жанынан әскери-патриоттық клубтарды ашу ұсынылып отыр.

«Елбасының бастамаларын ақпараттық тұрғыда уақтылы әрі жүйелі түрде қолдау үшін Қазақстан халқы Ассемблеясы «Жаңғыру елшілері» жобасын жүзеге асырады. Оның пулына әртүрлі салалардың үздік өкілдері енеді», — дейді Леонид Прокопенко.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Леонид Прокопенко 2019 жылы өтетін «Жастар жылында» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы арнайы жол картасы бойынша жұмыс жүргізетінін хабарлаған болатын.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.