Серік Қонақбаев АИБА президентігіне ресми түрде үміткер атанды | arainews.kz

Серік Қонақбаев АИБА президентігіне ресми түрде үміткер атанды

244

Лозанна — Халықаралық бокс қауымдастығының (АИБА) вице-президенті Серік Қонақбаевтың спорттық арбитражды сотқа (CAS) жіберген шағымын қанағаттандырып, ол ресми түрде президенттікке үміткер атанды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім етті.

Өз кезегінде С.Қонақбаев: «CAS пен бұл іске қатысушыларға менің шағымым бойынша әділ шешім шығарғаны үшін алғыс айтамын. Біз келтірген дәлелдерді CAS-тің оң қабылдағанына ризамын. Мен үшін АИБА президенттігіне үміткер атану үлкен құрмет. Енді басшылықты міндетті түрде қолға алып, біздің ұйымымыз бен спортымызды ұлттық федерациялармен бірлесе отырып қайта жандандыратын мүмкіндігіміз бар», — деді.

«Маған президенттікке үміткер атануға мүмкіндік берді. Әрі қарай Президиумды ұтып алу үшін бар күшімді саламын. Мұны өзім үшін емес, біздің боксшылардың құқығын, олардың Олимпиададағы арманы мен үмітін қорғау үшін істегім келеді. Бұл міндетке үлкен жауапкершілікпен қарай отырып, 3 қараша күні Мәскеуде өтетін сайлауды асыға күтемін. АИБА-ның жарқын болашағы үшін қауымдастықтың барлық мүшелерінен менің кандидатурамды қолдауды өтінемін», — дейді ол.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.