Достық үйіндегі достастықтың нышаны | arainews.kz

Достық үйіндегі достастықтың нышаны

203

 Жамбыл  облысы  әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен орталық Достық үйінде «Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатнастары контектісіндегі мәдениеттер диалогы»  атты халықаралық конференция өтті.

  Аталмыш тақырып аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Бегәділұлы баяндама жасап, шараны ашып берді.  Шараға қатысушылар Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан  халықаралық оқу орталықтарының ғалымдары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен  қоғамдық бірлестіктер.

  Үлкен отырыстың маңызы:   аға ұрпақтың мәдени мұраларын зерттеу және насихаттау арқылы Орта Азия аймағы халықаралық мәдени-өркениетті жақындасуына ықпал ету, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызтан арасындағы қарым-қатнастарды жақсартудың шешуші факторы ретінде мәдениеттер диалогын дамытудың мәселелері мен жолдарын талдау болып отыр.

  Ғылыми конференция аясында сөз алған қонақтар  ғасырлар бойы қалыптасқан достықты нығайту және рухани қауымдастық арқылы халықтарды жақындастыру үшін лайықты үлес қосуға қашан мүдделі екендіктерін айта отырып, қонақжай қазақ елі, оның ішінде қаймағы бұзылмаған киелі  қарт  қаламыз – Таразда басқосудың өтіп жатқандығына ризашылықтарын жеткізді. Пікірсайыс аймағында  Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының өзара қарым-қатынасының тарихи негіздері, Қазақстан және Өзбекстан халықтары мәдениеттерінің өзара әрекеттестігі , диалогы, тарихи Отандағы халықтар мен олардың көрші елдердегі – Қазақстандағы және Өзбекстандағы этникалық топтарының өзара қарым-қатнасын жетілдіру жолдары, мәселелері мен тәжірибелері турасында сөз болып, қатысушылар орамды ойларын ортаға салды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.