Жамбылда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 6 банк қызмет көрсетеді | arainews.kz

Жамбылда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 6 банк қызмет көрсетеді

329

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің» Жамбыл филиалы директоры Евгений Шарыгин, «Банк ЦентрКредит» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры Бекдауыл Иптилдаев, «Цеснабанк» АҚ филиалының директоры Ғалымжан Доланбековтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «7-20-25 Бағдарламасын іске асыру» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі өзінің ресми парақшасында жариялады, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың наурыз айында ұсынған 5 әлеуметтік бастамасының бірін іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа «7-20-25» әрбір отбасына баспана алудың мүмкіндіктерін беру» жаңа ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын (бұдан әрі — Бағдарлама) бекітіп, «Баспана» ипотекалық ұйымын» құрды.
Бағдарлама халықтың бастапқы тұрғын үй алуына есептелген. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алу үшін Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғары шегі 25 миллион теңге, ал қалған өңірлер үшін (оның ішінде Жамбыл облысы үшін) — 15 млн теңге деп белгіленді.
Жамбыл облысында бүгінгі күні 6 банктің филиалы белсенділік танытып отыр – олар ЦентрКредит Банк, АТФ Банк, Халық Банк, Цеснабанк, Еуразиялық Банк және Форте Банктің филиалдары.
Сонымен, кредит сомасы 12 млн. теңге болғанда ипотека алушыға жүктеме айына 85 мың теңгені құрайды. Аумақтарда әдетте тұрғын үй сомасы төмен болады, онда кредит сомасы 7 млн. теңгені құрауы мүмкін. Ал ипотека алушыға жүктеме айына 50 мың теңгені құрайды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.