Жеңісті жақындатуға тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. Біздерге бақытты болашақ пен шуақты күн сыйлаған айбынды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымызға құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың міндеті. Соғыс жылдарында тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрмет ету, ортамызда жүрген ардақты ардагерлерімізді қадірлеу перзенттік парызымыз.
Осы орайда, қала күні мерекесіне орай тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ескерткішті ашу үшін ортаға тыл ардагерлері Жәнібек Майқанов мен Раиса Оразалықызы Жандосова шақырылды.
Ардагерлер сөзінен соң ескертіштің салтанатты лентасы қиылып, гүл шоқтары қойылды.